Қосымша платформа мүмкіндіктері
Сынақ жүргізуге тапсырыс беріңіз⇀Пайдаланушыларды басқару
Кірістірілген ұйымдық құрылымның, істерді тапсырып беру және өкілеттіктерді
тағайындау функционалының болуы
Пайдаланушылар және ұйымдық құрылым
Almexoft платформасы пайдаланушылар үшін негізгі жүйе ретінде қызмет көрсете алады және стандартты жеткізілімде профильдік жүйелермен (соның ішінде Acacle HR, LDAP протоколы бойынша әртүрлі каталог қызметтері: Active Directory, eDirectory, OpenLDAP, Oracle HR, SAP HR; және IDM-жүйелері: MicroFocus IDM, SailPoint, Forgerock) өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.
Пайдаланушыларды басқару бойынша профильді жүйемен қадамдастырудың таңдалған әдісіне байланысты платформа құқықтарды берудің, пайдаланушыларды бұғаттаудың/бұғаттан босатудың, пайдаланушыларды түрлі топтарға қосудың және т. б. жеке механизмдерді жүзеге асырады. Жүйеде әрбір пайдаланушы үшін барлық қажетті ақпаратты қамтитын жеке профиль
құрылады. Almexoft платформасы өзектілігін сақтай отырып, компанияның ұйымдық құрылымын құруға, көруге және өзгертуге мүмкіндік береді. Тұрақты жаңартудың ыңғайлылығы үшін ұйымдық құрылым кадрларды есепке алу жүйелерімен қадамдастырылуы мүмкін.
Өкілеттіктерді тағайындау
Құжатпен немесе процеспен жұмыс істеу жөніндегі өкілеттіктерді бір пайдаланушыдан екіншісіне ауыстыру талап етілетін жағдайлар үшін платформа аясында өкілеттіктерді тағайындау функционалы көзделген. Бұл функцияны тұрақты және уақытша негізде қолдануға болады. Бұл жағдайда пайдаланушы (тиісті құқықтар болса) немесе әкімші тағайындаушы тұлғаға қандай акаунттарға/құжат түрлеріне рұқсат берілетінін анықтайды. Жеке топқа немесе құжат/процесс түріне қатысты өкілеттікті тағайындауға болады. Платформа алмастырушы тұлға жүзеге асырған барлық әрекеттердің есебін жүргізеді, ауыстыру фактісін тарихта, құжаттың немесе процестің орындалу барысында және жүйені басқарудың жалпы журналында көрсетеді.
Істерді тапсыру
Өкілеттіктер тағайындау сияқты, Пайдаланушы жаңа лауазымға кіріссе немесе өз міндеттерін тұрақты негізде табыстаған жағдайда, жүйеде істерді бір пайдаланушыдан екіншісіне тапсыру
мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жағдайда әкімші бұндай ауыстыру параметрлерін реттей алады. Жүйе істерді әрі қарай тапсыруға, тапсырылған істерді қайтарып алуға және бизнес-процестердің
(құжаттардың) орындалуына әсер ететін басқа да операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Істер тапсырылған пайдаланушы барлық құжаттарға қол жеткізе алады және орындаушы, автор
немесе жауапты тұлға немесе басқа көзделген рөлде әрекет ете отырып, қажетті әрекеттерді орындау мүмкіндігіне ие болады. Осы функцияның көмегімен жұмысты келістіру немесе орындау
процесін тоқтатпай, ашық құжатпен аяқтауға болады.