Компанияға шолу «Қазақмыс» АҚ
«Қазақмыс СК» АҚ сақтандыру саласында да компания қызметкерлеріне арналған сыртқы клиенттер үшін де өз жұмысын сапалы жетілдіруге үнемі ұмтылады. Жақсартудың бірі болып – тұтынушыларға қызмет көрсету және контрагенттермен жұмыс істеуді жеңілдету және жеделдетуге бағытталған ішкі процестерді автоматтандыру туралы шешім қабылдау танылды.
Көзделген тапсырмаларды орындаудың ең оңтайлы тәсілі ретінде процестерді AlmexECM электрондық құжат айналымы жүйесі көмегімен автоматтандыру мүмкіндігі таңдалды.
«Almexoft Kazakhstan» ЖШС біз үшін кірістірілген AlmexECM BPM модулі бар ЭҚАЖ әзірлеуді және енгізуді жүзеге асырды.
- Компанияның құжат айналымымен және іс жүргізуімен байланысты бизнес-процестерін оңтайландыруға және бірыңғай тіртіптке келтіруге;
- Басқарма үшін құжат айналымының ашықтығын және құжаттар бойынша атқарушылық тәртіптің қатаң бақылауын қамтамасыз ету;
- Кұжаттарды өңдеу және орындау уақытын 30% дейін азайту;
- Баспа қағазы мен мен картридждерді сатып алу құнын 15% төмендету.
Кеңсе үшін жүйе құжаттарды басқарудың, соның ішінде келесі мәселелерді шешудің негізгі құралы болып табыладыі:
- Хат-хабарларды тіркеу және өңдеу, оны адресатқа және мердігерге, әсіресе Компанияның аймақтық өкілдіктеріне арнлағандарын жеткізу уақытын 80% қысқартады;
- Құжаттардың жоғалуын болдырмау;
- Құжаттың нұсқасы мен бағытын бақылау;
- Құжатты келістіру және онымен танысу уақытын едәуір қысқарту;
- Кұжаттардың бірыңғай қалыптары, айқын есеп, құжаттарды электрондық түрде қалыптастыру және жасақтау;
- Кұжаттарды және олар туралы қосымша ақпаратты тез және ыңғайлы іздеу;
- Компания құжаттамалық қызметін сапалы бағалау мүмкіндігі, жеке қызметкердің, бөлімшелердің және, жалпы алғанда бүкіл Компанияның құжаттармен жұмыс істеу тиімділігі және құжат айналымы туралы есептер мен сертификаттар жайындағы түсінікті қалыптастыру мүмкіндігі.
- Ақпараттық қауіпсіздікті қатаң сақтау;
- Кұжаттар маршруттарын қолайлы және жылдам баптау, әзірлеу.
Әзірлеушілер жұмысының негізгі сапа көрсеткіштері болып табылады:
- Жүйенің толық енгізілуін жүзеге асыру;
- Функционалдығын, соның ішінде компанияның пайдаланушыларының қалауы бойынша жетілдіру бойынша жұмыс жүйені мерзімді түрде жаңарту бойынша тұрақты жұмыстарды орындау ;
- Жүйенің жұмысындағы қателіктердің сиректігі және оларды жедел түзету;
- Жүйенің кең функционалдығы;
- Түсінікті (интуитивті) жұмыс алгоритмі және құжат айналымы бағыттарын орнату;
- Жедел техникалық қолдау.