Біздің тарихымыз
Біздің тарихымыз
Almexoft тарихы Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік корпорация қазіргі электронды құжат айналымы жүйесін жаңашыл және функционалды жүйеге ауыстыру туралы шешім қабылданған 2015 жылдан басталады.
Hегізгі талаптар
Консалтинг және IT-технологияларды дамытуда терең тәжірибеге ие Қазақстан мен Украинаның бір топ кәсіпкерлері осындай электрондық құжат айналымы жүйесін таңдау және енгізу жобасына қатысу жөнінде шешім қабылдады.
Қолданыстағы ECM/BPM жүйелерінің нарығын талдай келе, команда Еуропа және ТМД нарығында ұсынылған шешімдердің ешқайсысы бизнес белгілеген критерийлерге толық сәйкес келмейді деген қорытындыға келді. Сондықтан команда өз шешімін әзірлеуге кірісті және жақын арада Корпорацияның өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірінде алғашқы пилоттық жобаны жүзеге асырмақ.
Бірінші пилоттық жоба
2015 жылы Украинадан, Қазақстаннан және Эстониядан күрделі IТ жүйелерін әзірлеуге қажетті тәжірибесі бар халықаралық мамандар тобы жиналды. Команда бағдарламашылардан, талдаушылардан, тестерлеушілерден, дизайнерлерден, сәулетшілер мен жоба менеджерлерінен құралды.
2016 жылы өнімнің бірінші нұсқасы жасалып, Корпорация кәсіпорындарының бірінде пилоттық жүйе іске қосылды. Шешімді аяқтау бизнес және IT өкілдерімен тығыз серіктестікте жүзеге асырылды. Сонымен қатар, ұжым тікелей өнеркәсіп орындарында Корпорация қызметкерлерімен тығыз байланыста болды. Бұндай өзара әрекеттесу технология мен бизнестің қиылысындағы ең инновациялық шешім құру мүмкіндігін берді. Almexoft командасы пайдаланушылардың барлық тілектерін қамтуға және сонымен бірге топ-менеджменттің стратегиялық мақсаттарын ескеруге тырысты.
Қазақстандағы алғашқы енгізулер
2016 жылдың соңында өнім KAZ Documents брендімен Қазақстанның бірқатар өнеркәсіптік компанияларында нәтижелі енгізілді. Бұл мысал негізінде өнімнің екі түрінің: ECM және BPM симбиозының тиімділігін дәлелденді, бұл болашақта шешімдерді, жұмыс процестерінің кең спектрін орнатуға, сұраныстарды өңдеуге, service desk және т.б. жылдам енгізу мүмкіндігін қамтамасыз еті.
2017 жылдың наурыз айында авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу куәлігі алынып, бағдарламалық өнімге ребрендинг жасау туралы шешім қабылданды. Осылайша қазақстандық нарықта AlmexECM бизнес-процестерін автоматтандыру және электрондық құжат айналымы жүйесі пайда болады.
Жұмыстың Украина нарығында басталуы
2017 жылдың аяғында компания акционерлері сатылым географиясын Шығыс Еуропаға кеңейту туралы шешім қабылдады. Ол үшін Almexoft командасы бизнес-сарапшылармен және сату және маркетинг мамандарымен толықтырылды. Жергілікті электрондық кілттермен интеграциялану үшін қосымша модульдер жасалды және көптілді қолдау қосылды. 2017 жылы Украинаның жүйелік банктерінің бірінде бизнес-процестерді автоматтандыру және электрондық құжат айналымының алғашқы жобасы іске қосылды.
Негізгі бағыттар
Банк секторындағы процестерді автоматтандыру бонйыша оң пікірлер алып, компанияның негізгі клиенттерінің сұраныстарына негіздее отырып Almexoft командасы AlmexECM функционалдық даму векторын анықтады.
BPM мүмкіндіктерін кеңейту
Құжат картасы өрістерімен жұмыс істеу
Іскерлік ережелер тілін жүзеге асыру
Жүйенің жаңа модульдерін әзірлеу
Ағымды күндеріміз
Қазіргі уақытта Almexoft Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ірі бизнес пен корпорацияларға арналған ECM/BPM жүйелерінің сегментіндегі көшбасшылардың бірі болып табылады. Бұл, өзгемен қатар, Қазақмыс Корпорациясы, Теченергосервис, АБ Энерго, Detal Wagon Group Corporation, TEK Kazakhstan, Kaspi Neft, «Ардагер» сияқты өнеркәсіптік алпауыттардың байыпты тәжірибесі растайды; қаржы секторынан – бұл RBC Bank, Megabank, Radabank, Moneyveo, Concord bank; телекоммуникациялық және бөлшек холдингтерден – «Datagroup», «MTI group»; фармацевтика саласынан – «Борщаговский химия-фармакологиялық зауыты»сияқты ірі компаниялар сияқты клиенттердің абыройлы қатарымен расталады.