arrow

Компанияға шолу Техенернервис 2014

Company logo review

Виталий Геряга

Директор

logo

«Техенернервис 2014» ЖШС – 35 кВ және одан жоғары кернеу класындағы қосалқы электр станцияларын, әуе электр желілерін пайдалану-жөндеу қызметтерін көрсетумен айналысатын компания болып табылады. 2014 жылдан бастап техникалық және пайдалану-жөндеу қызметтерін көрсету көшбасшысы болып табылады, желілер мен қосалқы станциялардың электр жабдықтарын, қуат трансформаторларына, энергетикалық нысандардың жаңа құрылысына инженерлік сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Нарықтағы жетекші орындарды иеленіп, бүкіл кәсіпорын жұмысының сапасын жақсарту үшін озық технологияларды қолдану ішкі бизнес-процестерді автоматтандырудың және электрондық құжат айналымының қолайлы жүйесін іздеудің басты себебі болды.

Осы жобаны жүзеге асыру үшін бірқатар қазақстандық және шетелдік бағдарламалық өнімдер талданылып, тендер негізінде AlmexBPM кірістірілген бизнес-процесін автоматтандыру модулі, онлайн–редакторы, сонымен қатар өзіндік мобильді қосымшалары бар Almexoft бағдарламалық жасақтама өнімі таңдалды. Жүйені енгізуді, ағымды бизнес-процестерді талдау және оңтайландыруды және құжаттарды келістіру және орындауды Almexoft Kazakhstan қызметкерлері білікті түрде және барынша қысқа мерзімде жүзеге асырды.

Жүйенің кең функционалдығы келесі міндеттерді орындауға мүмкіндік берді:

  • Компанияның іс жүргізумен байланысты барлық бизнес-процестерді оңтайландыруға және біркелкі пішінге келтіруге;
  • Айқын құжат айналымын, кіріс / шығыс құжаттарды, хат алмасуды, кадрлық құжаттаманы тіркеуді қамтамасыз етуге;
  • Қажетті есептерді қалыптастыруға: кіріс / шығыс құжаттаманы тіркеу туралы есептерді, тапсырмалар мен нұсқаулардың орындалуы туралы есептерді;
  • Орындау тәртібін бақылауға.

Almexoft жүйесін енгізудің барынша көрнекті нәтижелері:

  • Құжаттарды өңдеу және келістіру, оларды адресаттарына жеткізу уақыты 80% қысқарды;
  • Компанияның құжаттарды жіберумен байланысты жалпы шығындары (басып шығару шығындары, курьерлік қызметтер) 10% азайды;
  • Қағаз құжаттар айналымының едәуір төмендеуі құжаттаманы жоғалту мәселесін шештік;
  • Almexoft компаниясының арқасында компания өкілдіктерінін түрлі қалаларда орналасуына байланысты құжаттарды бекітудің ұзын тізбегіне қатысты компанияның негізгі мәселесі шешілді;
  • Қорғаудың бірнеше деңгейіне байланысты корпоративтік деректер қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
  • Рөлдік саясат пен қауіпсіздік ережелерінің аясында электрондық құжаттарды бір жүйеде тиімді және жылдам іздеу.

Almexoft компаниясымен іскерлесу және Almexoft бизнес-процестерді автоматтандыру және электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу Техэнергосервис.компаниясының өсу және бизнесті масштабтау мәселелерін шешуге және топ-менеджментінің бірқатар стратегиялық мақсаттарын іске асыруға мүмкіндік берді. Жобаны жүзеге асыру қатардағы қызметкерлердің де, компания басқармасының да жұмысының тиімділігін арттыруға және компанияның әкімшілік шығындарын азайтуға әсер етті.

Біз веб-сайтымыздағы тәжірибеңізді жекелендіру үшін куки файлдарын пайдаланамыз. Осы сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз біздің куки саясатымызға келісім бересіз.