«AAEngineering Group» ЖШС компаниясының пікірі
Осы арқылы «AAEngineering Group» ЖШС мен «Almexoft Kazakhstan» ЖШС арасындағы AlmexECM бағдарламалық жасақтамасын енгізу жөніндегі шартты іске асыру аясында Almexoft Kazakhstan командасына кәсібилігі, жеделдігі және клиентке жоғары деңгейде бағдарланғаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Жобаның негізгі міндеттері құжаттаманы басқару саласындағы қолданыстағы бизнес-процестерді автоматтандыру және оңтайландыру, бағдарламалық жасақтамамен мобильді құрылғылар арқылы жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ электрондық архив қалыптастыру болды.
«AAEngineering Group» ЖШС және «Almexoft Kazakhstan» ЖШС мамандарының үйлесімді әрі тиімді бірлескен жұмысының арқасында қойылған міндеттер сәтті жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда AlmexECM бағдарламалық жасақтамасы тәжірибелік пайдаланудан өтті.
Бағдарламалық жасақтаманы енгізу құжаттаманы басқару процестерінің тиімділігін айтарлықтай арттыруға, атап айтқанда құжаттарды жасау, келісу, қол қою және тіркеу процестерін жеделдетуге, сондай-ақ тапсырмалардың орындалуын тиімді бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Almexoft Kazakhstan мамандарымен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін, туындайтын мәселелерді жедел шешуін және компаниямыздың бизнес-процестерінің ерекшеліктерін ескеруге дайындығын ерекше атап өткіміз келеді.
«Almexoft Kazakhstan» ЖШС-не одан әрі өркендеу, тұрақтылық, жаңа жобаларды табысты іске асыру және кәсіби дамуды тілейміз!
